Тақтаға екі оқушы шығады, кезекпен соғады. Дұрыс жауап – гол (+1), қате – қақпашы қағып алады. Қалған сынып әр сұраққа жауабын дәптерге жазып, үйдегі тест жауабын өзі тексеріп отырады. Жаңа жұп шығару үшін аттарды өзгертіп, «Ойынды қайта бастау» батырмасын басыңыз.
Үстеліңдегі үлгілермен (ас тұзы, өсімдік майы, мыс, бор) жұмыс істе: алдымен нақты бақыла, сосын ресурста тексер. Нәтижені жұмыс парағына өзгертпей жаз. Дәмін татуға болмайды!
Әр заттың (материалдың) қолданысын және сол қолданысқа сәйкес негізгі қасиетін таңдаңдар. Бірі таңдайды, екіншісі оқулықпен тексереді, сосын рөл ауысады.
Тақтаға екі оқушы шығады. Сұрақ оқылады; бірінші қол көтерген оқушының батырмасын бас: дұрыс жауап – арқан оған бір қадам тартылады, қате – сөз екінші оқушыға өтеді. Қалған сынып әр сұраққа жеке жауапты бекіту парағына жазады (кемінде 9 дұрыс – 1 балл). Ойын 12 сұрақ біткенде аяқталады.
© Салима Бейсенқызы · Дәмін татуға болмайды! Тәжірибе тек мұғалімнің рұқсатымен.